Мәдениет және ақпарат министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қызметкерлеріне қатысты болған жағдай қолданыстағы заңнамаға сәйкес, театр құрылымын қайта жасақтауға байланысты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Жоғары біліктілікті қажет ететін лауазымдарды жойып, жаңа лауазымдар енгізілуіне байланысты өзгерістер орын алған. Осы өзгерістерге қатысы бар барлық қызметкерге бос лауазымдар немесе қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс ұсынылған, бірақ олар жұмыстан бас тартып отыр”, — де пжазылған хабарламада.
Министр театр барлық өтемақыны төлейтінін айття.
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске заңды тұрғыда қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері кейінірек жарияланатынын хабарлады.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Алматыдағы театрда бірнеше капельдинер әйелдің жұмыстан шығарылғаны белгілі болды. Театр көрермендерімен жұмыс істеу менеджері Назерке Әбілқасымова жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Театрға кірген кезде қарсы алатын қыздар театрдың ашық алаңдарын үйлестіреді, орындарды көрсетеді. Біз жол көрсетушіміз. Сонымен қатар, залды тазалап, тәртіпті сақтаймыз. 1 шілдеге дейін театрда осы қызметте 9 адам жұмыс істеді. Шілде айының басынан бері театр түгелдей демалысқа шықты. Қызметкерлер де демалысқа шығу туралы өтінішке қол қоюға ниет білдірді, бірақ қолдарынан келмеді», - дейді Әбілқасымова.