Түркістан облысында үш күннен бері ізделген қыздың мәйіті табылды

Әлихан Асқақ

Түркістан облысында қаза тапқан 16 жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Өңірдің ТЖД үш күннен кейін өзенге батып кеткен қыздың денесін іздеу аяқталғанын хабарлады.

Бүгін, 31 шілдеде Төлеби ауданының аумағында таңғы 6-да суға батқан қызды іздеу жұмыстары қайта жанданды. Іздеу бүгін нәтиже берді, атап айтқанда 16:10-да мәйітті ТЖМ қызметкерлері тауып, полиция қызметкерлеріне тапсырды, - деді Түркістан облысы ТЖД қызметкері.

Естеріңізге сала кетейік, марқұмның достарының айтуынша, фотосессия кезінде 16 жасар қыз абайсызда өзенге құлап кеткені жайлы хабарлағанбыз.