Соңғы 24 сағатта әлемде 917 жер сілкінісі болды. Олардың кейбірінің магнитудасы 5,7 баллға дейін жеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жанартауды зерттеу мамандарының айтуынша, 917 жер сілкінісінің тек төртеуі ғана 5 балл немесе одан жоғары болған. Басқа жағдайларда:
36 жер сілкінісі - 4 және 5 балл аралығында болды;
Магнитудасы 3-тен 4-ке дейінгі - 109 жер сілкінісі;
2-ден 3 баллға дейінгі 212 жер асты дүмпулері;
2 баллдан аз 556 жер сілкінісі.
Соңғы 2,3 магнитудалық жер сілкінісі Италияның Аоста қаласында болды, ал ең күшті 5,7 балдық жер сілкінісін Фиджи тұрғындары бастан өткерді.