Қазақстандық маман ұрық доноры Павел Дуровтың «100-ден астам баланың биологиялық әкесі болдым» деген сөзіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы репродуктивті медицина институтының уролог-андрологы, хирург Роман Безруков Tengrinews.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында бұл екіталай екенін және себебін айтты.
Ресей заңы бойынша бір ер адам ең көбі 30 балаға ұрық доноры бола алады.
Жалпы алғанда, бұл заң бұзушылық, Ресейде бір адамның ұрығынан 30 бала туылуы мүмкін, - дейді уролог-андролог Роман Безруков.
Маман Дуров, жұмсартып айтқанда, өзінің еркектік қуатын «асыра бағалап» отырғанын жоққа шығармайды.
Егер мұны ешкім бақыламаса, сізге бұл ақпаратты ешкім бермейді. Одан 30 бала туған болса, онда Ресейде оны тоқтатқан болар еді. Әрине, мұның бәрі заң бойынша болса, ол енді өз ұрығын жасырын түрде бермеген шығар? - дейді маман.
Маман 100 бала дүниеге келу үшін қанша ұрық беру керектігін де айтты.
Аптасына бір реттен 5 жыл ұрық тапсырасың. Сонда 1 порцияны 2-ге бөлініп, 6 бағдарлама жасауға болады. Тіпті, маған десе 1000 балаға әке болсын, мен бәрібір оған сенбеймін, - дейді Роман Безруков.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес бір ұрық донорынан ең көбі 10 бала туылуы мүмкін. АҚШ-та – 12 бала. Еуропада – халық санына байланысты 5-тен 25-ке дейін.