Уақыт қайтып келмейді: министр Шаққалиев мәлімдеме жасады

Сырым Қаржас

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің мәліметінше, мемлекеттік органдар өкілдерінің, петиция авторларының, депутаттардың, қоғам қайраткерлері мен сарапшылардың қатысуымен құрылған жұмыс тобының пікірін ескерген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

Шаққалиев не дейді

– Жұмыс тобының мүшелері мынадай қорытындыға келді: Біріншідіен.  UTC + 5 сағаттық белдеуі Қазақстан аумағының көп бөлігіндегі табиғи күн циклдеріне сәйкес келеді.   Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми деректері мен ұсыныстарымен расталды.  Болашақта қолданыстағы уақыт белдеуі азаматтарымыздың денсаулығына оң әсерін тигізеді.   Себебі олардың биологиялық ырғақтары күн мен түннің табиғи циклімен үйлесімде болады.  
 
Ғалымдардың пікірінше,  бұл белдеуге үйрену үшін белгілі бір уақыт керек. Бірыңғай уақыт белдеуіне өткенімізге бес ай ғана болды.  Ғалымдар қауымдастығы оның халық денсаулығына әсері жайында ұйғарым шығаруға немесе баға беруге әлі ерте деп отыр.  Уақыт керек.  Жұмыс тобы Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктеріне алдағы үш жылда  бірыңғай уақыт белдеуінің халық денсаулығына әсерін зерттеуді ұсынды, – дейді министр.

Шаққалиев сондай-ақ, сағатты ауыстыру тұтынушылар санының ұлғаюына және елдегі жаңа объектілердің іске қосылуына қарамастан, елдегі электр энергиясын жалпы тұтынуға әсер еткен жоқ деп есептейді.  

– Бұл - Энергетика және Ұлттық экономика министрліктерінің цифрларымен бекітілген факт. Ал еңбек қатынасына келетін болсақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Әкімдіктермен бірлесіп өңірдегі күннің ұзақтығын ескере отырып,  ұйымдар мен кәсіпорындарға жұмыс кестесін түзету мүмкіндігін түсіндіру ұсынылады. Барлық дәлелдер мен ұсынымдарды   және уақытты ауыстырудың теріс салдарын дәлелдейтін  ғылыми негіздегі мәліметтердің  жоқтығын  назарға ала отырып, Сауда және интеграция министрлігі петицияны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады, – дейді Шаққалиев.

Петиция

Шенеуніктер бұған дейін уәде еткендей, енді Үкіметте Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қарау үшін жұмыс тобын құрылуы тиіс. Себебі ірыңғай уақыт белдеуіне қарсы ресми петиция 50 мың қол жинаған. 

Жаңа уақыт белдеуі

Қазақстанда биыл 1 наурыздан бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. 

Үкімет басшысы таяуда Қазақстан аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы қаулыға қол қойған еді.