Илонның игілігі: Қазақстанда Starlink спутнигіне қосылған мектептер көбейді

Аян Өрібай

Оқу-ағарт министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, жалпы елдегі 1 879 мектепке Starlink спутнигін орнату көзделген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Коллаж: ulysmedia.kz.

Министр не дейді

Үкімет отырысында сөз сөйлеген Ғани Бейсембаев қазір барлық мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатында Starlink спутниктер орнатылып жаиқанын хабарлайды. Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша қажетті  1 879 мектептің 1 731-де Starlink спутниктері орнатылған.

Терминалдар

Ал шекара маңында орналасқан 137 мектептерде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі терминалдарды жандандыру жұмысын жүргізіп жатыр.

– Дегенмен  Жамбыл, ШҚО, Атырау, Павлодар, Түркістан, БҚО және Ұлытау облыстары мектептердегі интернет жылдамдығын арттыру бағытындағы жұмыстарын жеделдетіп оқу жылы басталғанға дейін аяқтау қажет, – дейді ол.

“Бұл жұмыстар министрліктің қатаң бақылауында” деп сендіреді Бейсембаев.