Air Astana FlyArystan ұшағының зақымдалуына Астана әуежайын айыптады

Ғалиасқар Думан

Air Astana Астана әуежайында FlyArystan ұшағы зақымданғанын хабарлайды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Компанияның хабарламасы

– Air Astana компаниялар тобы 2024 жылдың 5 тамызында Астана әуежайының операторы FlyArystan ұшақтарының біріне зақым келтіргенін, соның салдарынан ұшақтың бірнеше күн бойы мәжбүрлі тұраққа қойылғанын хабарлайды. Атап айтқанда, әуежай баспалдақтарын дұрыс қолданбау салдарынан ұшақтың артқы кіреберіс есігі зақымданған, – делінген хабарламада.

Рейстер орындалмайды

Компания жөндеу құны айтарлықтай болғанымен, басты мәселе – оқиғаның әуекомпания кестесіне, рейстердің орындалуына кері әсер етуінде дейді. Әуе компаниясы күтпеген сәтсіздікке өкініш білдіріп, жазғы маусымның басынан бері компанияның Астана әуежайындағы ұқыптылық пен басқа да операциялық қиындықтарын асқындырғанын хабарлайды.

Air Astana Астана халықаралық әуежайдың рейстердің уақытылы орындалуына кері әсер ететін факторларды жою үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады. “Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін компания осы мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастыққа үміттенеді” делінген хабарламада.