Бүгін Шымкентте неке қиюдан рекорд жасалды

Дастан Кенжалин

Бүгін Шымкентте 60 жұп отбасын құрды. Жас отбасылар 8 тамызды ерекше дата деп санап, некелерін қиды, деп хабарлады Ulysmedia.kz. otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласы ХҚКО

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 7 525 ЖҰП ШАҢЫРАҚ КӨТЕРДІ

Жылдағыдай дәстүр биыл да жалғасты. 8 тамызда қалалық АХАЖ-да неке қиюшылар саны көбейді. Жалпы, жыл басынан бері 7 525 жұп шаңырақ көтерді. Қала тұрғындары негізінен ерекше даталар мен мереке күндерін таңдауға тырысады. Осылайша биылғы 8 тамызда АХАТ бөлімінде 60 жұптың некесі тіркелді. Жас жұбайлардың өздері неке қиюды жүректерімен таңдағандарын, ал бұл ерекше дата жай ғана естелік үшін ұнағандарын айтады, – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

НЕКЕ ҚИЮ РӘСІМІ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН САЛТАНАТ САРАЙЫНДА БОЛДЫ

8 тамыз күнгі некелесу рәсімі биыл маусым айында ашылған жаңа салтанат залында болды.

Еске сала кетсек, былтыр 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары мемлекеттік корпорацияға берілді. Некені тіркеу туралы өтінішті АХАТ бөліміне 15 күн бұрын тапсыру қажет. Сондай-ақ, электронды үкімет порталы және екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы өтініш беруге де болады. Салтанатты рәсімді АХАТ қызметкері жүргізеді. Сонымен қатар, неке қиюды салтанатты түрде рәсімдеуді көрсетілген орынға барып тіркеу қызметі де қарастырылған.

Бүгін еліміздің оңтүстік өңірінен тағы бір хабар жеткен еді. Түркістан қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді.