Жәнібек экс-чемпионмен айқасында Qazaq style көрсетпек

Ulysmedia

Орта салмақта өнер көрсететін белгілі қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) АҚШ аумағында бұрынғы әлем чемпионы, франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикаммен (38-5, 21 КО) айқас өткізеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Жәнібектің жеке парақшасынан

Оған дейін олар көз арбасты.

Кездесу АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

«Біз Америкада тарих жасау үшін жүрміз! Бар ойымыз, мақсатымыз сол! Бұйыртса QAZAQ STYLE тарихта қалады!», – деп жазды парақшасында Жәнібек.

Бокс кеші Qazsport арнасында 21 қараша, жексенбі күні, Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 07:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетіледі,