Ресейлік шахматшы қарсыласын улағысы келген

Қалижан Бектемір

Ресейдің Махачкала қаласында классикалық шахматтан өтіп жатқан Дағыстан Республикасының чемпионаты кезінде жанжал шықты, деп хабарлады Ulysmedia.kz. rg.ru-ге сілтеме жасап.

BILD Telegram арнасы

Турнир басталар алдында 40 жастағы шахматшы Әмина Абакарова (оң жақтағы фотода) 30 жастағы қарсыласы Ұмайғанат Османованы (сол жақтағы суретте) уландырғысы келген.  

Ол шахмат өтетін жерге келіп, жарыстағы қарсыласының үстелі мен тақтайына сынап жағып кеткен.

УЛАНА ЖАЗДАСА ДА ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Турнирде қарсыласының жағдайы күрт нашарлап, басы айналып, медициналық көмек қажет болды. Абакарованың қылмысы видеоға түсіп қалған. Ол жарыстардан шеттетілді.

Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалса, Абакарова үш жылға сотталуы мүмкін. Ал Ұмайғанат Османованы чемпионатта өзін нашар сезінгеннен кейін, үйіне жіберілді. Содан кейін ол жарысқа қайтып келіп, екінші орынды иеленді.

Ресейде шахматшылар бір-бірін қызғанып, улағысы келіп жатса басқа елдерде миындағы чипі бар адамның компьютерлік тышқан курсорымен шахмат ойнауға болатынны көрсетті.