Қазақтарға ЕАЭО-ның кез келген елінен кредит беріледі

Ulysmedia

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтары бірлестіктің басқа мемлекеттерінің банктерінен несие ала алады, деп хабарлайды , Ulysmedia.kz Ресей премьер-Министрі Михаил Мишустиннің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.

Фото: Ашық дереккөзден

«Бүгін кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтермен алмасу тәртібі туралы келісімге қол қойылды. Бұл ретте банктер өз клиентінің тарихын қандай төлқұжатына қарамастан тексере алады және тәуекелдерді талдап, оған несие беру туралы шешім қабылдай алады», – деді Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында.

ЕАЭО құрамына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан кіреді.