Қырғызстанда Өзбекстанның жаттықтырушысына зор құрмет көрсетілді

Қалижан Бектемір

Қырғызстан бокстан Өзбекстанның жаттықтырушысы Акмал Хасановты  халық дипломатиясына және гуманизм саласына қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов медалімен марапаттады, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

sportilinet.kz

Акмал Хасанов  Париж Олимпиадасында Орталық Азия елдері бауырластығының тамаша үлгісін көрсетті. Ол Қырғызстанның боксшысы Мұнарбек Сейітбекұлы жартылай финалға шыққанда шаршы алаңға секундант ретінде шығып, былғары қолғап шеберіне ақыл-кеңесін берді. Осы оқиға біршама әңгімеге арқау болды.

МҰНАРБЕК СЕЙІТБЕКҰЛЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ ЖЕКПЕ-ЖЕКТІ ТЕЛЕДИДАРДАН ТАМАШАЛАҒАН

Мұнарбек Сейітбекұлының жеке жаттықтырушысы Бегенас Сұлтанбаев аккредитация болмаған соң Парижге бара алмаған. Ол 20 жыл дайындаған шәкіртінің жұдырықтасуын үйде теледидардан тамашалаған.

Өзбек жаттықтырушысы Акмал Хасановтың қырғыз боксшысына берген ақыл-кеңесі де көп септіген тигізіп, Мұнарбек Сейітбекұлы тарихта алғаш рет финалға шықты. Ал финалда қырғыз спортшысы өзбек жаттықтырушысының төл шәкірті Абдумалик Халоковпен ұолғап түйістіріп, одан 0:5 есебімен жеңілуге мәжбүр болды.

Мұнарбек Сейітбекұлының финалға шығуының өзін қырғыз халқы үшін тарихи жеңіс деуге болады. Себебі Қырғызстан тарихында бокстан алтын немесе күміс медаль алмақ түгілі қола медаль алған боксшы жоқ.