«5,5 млн теңге жымқырған»: Жетісу футбол клубының директоры сотталды

Сырым Қаржас

Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д. М. Иманқұловқа қатысты үкім шығарды.

Антикордың мәліметінше, ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған. Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.