Украина Қарулы күштері Ресейдің Курск облысына шабуылды одан әрі жалғастырып жатыр, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Украина әскерінің бас қолбасшысы Александр Сырский президент Владимир Зеленскийге баяндамасында Украина Қарулы күштерінің қол астына Курск облысының 82 елді мекені өткенін (аумағы 11500 шаршы шақырым), енді Белгород, Курск пен Брянск облыстарын қорғау бойынша үйлестіру кеңесінің құрылатынын айтты.
УКРАИНА КУРСК, БЕЛГОРОД ПЕН БРЯНСК ОБЛЫСТАРЫНДА ӘСКЕРИ КОМЕНДАТУРА ҚҰРДЫ
Кеңесттің жұмысын Қарулы күштердің жұмысын генерал-майоры Эдуард Москалев үйлестіріп отырады. Үйлестіру кеңесі бірінші әскери комендатура деп те аталады, - деді ол.
Ресей Қорғаныс министрлігі де Белгород, Брянс пен Курск облыстарын қорғау бойынша үйлестіру кеңесін құрғанын хабарлады.
Кеңес шекаралық аймақтардағы әскерді көбейту, азайту туралы шешім қабылдайды. Шешім қарсы тараптың әскери операциясына байланысты болып отырады.
Кеңестің басты міндеті - аймақтарды қару-жарақпен қамту.
Кеңес өңірлердегі әскери операциялар мен ұрыс қимылдары туралы шешім қабылдамайды, басқармайды. Ол аптасына кем дегенде бір рет жиналады. Оған министр Белоусов пен оның орынбасарлары, құзырлы ведомство басшылары мен аймақ басшылары кіреді.
РЕСЕЙ ҚОРҒАНУ ҮШІН ҚОСЫМША ӘСКЕР ЖІБЕРДІ
Ресей пабликтері Украина әскерінің Белгород облысы, Колотиловка бекетінен 3 шақырым жерде орналасқан Вязово мен Курск облысының Коренево селосына кіргенін жазып жатыр. Сондай-ақ, Ресей Telegram-арналарында Украина сарбаздарының Белгород облысына тағы шабуыл бастағанын хабарлады. Осыған байланысты Ресей Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштердің бас штабы Курск, Белгород пен Брянск облыстарын қосымша әскер жіберу туралы шешім қабылдады.
The Independen басылымының хабарлауынша, Украина Ресей Қарулы күштерінің Курск облысындағы 2 мыңға жуық жауынгерін тұтқынға алды.
Кеше Ресейдің Иркутск қаласында Ту-22 бомбалаушы ұшағы құлады.
Осы аптада Украина әскерінің бас қолбасшысы Александр Сырский бір тәулікте 100-ден астам ресейлік әскерді тұтқындалғанын мәлімдеді.