Дарын Мубаров қыздарын екінші әйелдікке беруге қарсы болмайтынын айтты.
Атышулы Дарын Мубаров қыздарын екінші әйелдікке беруге қарсы болмайтынын айтты. Бұл туралы ол қазақстандық журналист, Youtube желісіндегі “Уақыт көрсетеді” каналының авторы Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбтында айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
«Рұқсат беремін. Өйткені өзімнің басымда бар.Ол қызымның айтқанында емес, мәселе кімге тұрмысқа шығуына байланысты болып тұр. Қыздарымды берген жерлердің басым көпшілігі мен танитын жерлер.Біз бейтаныс жерлерге бере қоймаймыз, араласып, оңды-солын танып қалған жерлерге беруге тырысамыз. Ол аманатты сезінетін, дұрыс адам болса, екеуі бір-біріне тірек бола білетін болса, менің қарсылығым жоқ. Кеңес дәуірінен өткен соң бізге көп әйел алу жабайы қылық болып көрінетіні рас. Тарихымызға үңілсек,көп әйел алу қазақта көп болған. Бәйдібек атамызға домалақ анамыз тимесе, қазақтың ілгесі бұлай кеңімес еді. Әзірге ондай ұсыныс түскен жоқ», - дейді ол.
Дарын Мубаровты көпшілік сыртынан салафизм мен уахабизмді таратушы ретінде айыптайды.
Өзін «вахабит» дейтіндерге қатысты жауабында Дарын Мубаров мешіт имамының саусағын шошайтып тұрып, «Сен вахабитсің!» дегенін айтады. Алайда өзі «вахабитпін» деп отырған жоқ. Нақты ештеңе айтпай, ол тақырыптағы жауабын сұйылтып та жіберді. Сұхбат барысында журналист әр тараптан сұрақпен қанша қыспаққа алса да сытылып шығып, сыдыртпа жауаппен құтылып отырды.