Ақтау тұрғындары қою түтіннің иісіне алаңдап отыр

Сырым Қаржас

Ақтаулықтар түні бойы қаладағы өткір өрт иісінен зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде азаматтардың арыз-шағымдары жарияланды.

«Бұл иіске тұншығып қалуға болады» деп жазады ақтаулықтар желіде.

Болжам бойынша, жағымсыз иістің шыққан жері бір тәуліктен астам уақыт бойы тоқтамай жанып жатқан полигон болса керек.

Естеріңізге сала кетейік, өрт 17 тамызға қараған түні Баянды ауылынан 2,5 шақырым жерде шыққан. Алдын ала өрт шарпыған аумақ 400 шаршы метрді құрайды.