Айдын Рахымбаев Chocofamily-дегі қомақты үлесін сатып жіберді

Қалижан Бектемір

Кәсіпкер Айдын Рахымбаев биылғы жылдың ақпан айында Chocofamily Holding-тегі үлесін сатты деген дерек шықты. Бұл туралы Forbes Kazakhstan-ке сілтеме жасаған  Ulysmedia.kz. хабарлады.

Айдын Рахымбаевтың жеке парақшасынан

Рахымбаевтың үлесін «шоколад холдингінің» бас компаниясы – Chocofamily Holding Ltd сатып алды. Кәсіпкер А класындағы 535,9 мың акцияға ие болды. Порталдың хабарлауынша, бір акцияның номиналды құны - 100 теңге.

Ал кәсіпкер Chocofamily Holding-тегі үлесін сатқан күні Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша 1 АҚШ долларының курсы 451,24 теңгеге сатылған. Одан инвестордың өз үлесі үшін алған сомасы шамамен 960 мың доллар болып отыр деуге болады.  

КӘСІПКЕР 2019 ЖЫЛЫ CHOKO-НЫҢ АКЦИОНЕРІ БОЛДЫ

Айдын Рахымбаев 2019 жылы Choco-ның акционері болды. Сол кезде Chocofamily-дың негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов Forbes Kazakhstan басылымына берген сұхбатында Рахымбаевтың Chocofamily-ге BI Group-тың емес, өз қаражатын салғанын айтты. Соның нәтижесінде бір кездері холдингтің құнын 50 млн долларға дейін өскен.

Бұған дейін 2013 жылы BI Group-тың негізін қалаушысы «Demus Capital» ЖШС-не инвестиция тартқан. Соның арқасында ЖШС-ның табысы 400 мың доллар болған. Одан басқа Рахымбаевпен бірге 2016 жылы мамырда Мұрат Әбдірахманов жұмыс істей бастаған. Оның табысы 1 млн долларға,  2017 жылдың жаз айында кәсіпкерлер Тимур Турлов пен Әділ Нұрғожинмен бірге еңбек еткенде табыс көлемі 700 млн долларға артқан.

Рахымбаевтың Чокомен инвестиция бойныша байланысын үзгеннен кейін холдингтің меншік құрылымында 2022 және 2024 жылдары басқа да елеулі өзгерістер болды.

2022 ЖЫЛЫ КОМПАНИЯҒА БАСҚА БИЗНЕС ИЕЛЕРІ КЕЛДІ

2022 жылы негізгі акционер өзгерді. 2021 жылдың соңында Chocofamily Holding-тегі ең үлкен үлес Choco Capital Partners LLP-ге тиді. Бұл компания Чоконың 52,11%  үлесін алса, Рамиль Мухоряповте акцияның 55,3% бақылау пакеті болды.

Choco-ның қалған акцияны Тимур Турлов (19,96%), Мұрат Әбдірахманов (13,01%), Айдын Рахымбаев (12,92%), «Demus Capital» ЖШС (1,5%) мен Юрий Титаренко (0,5%) иеленді.

2022 жылдың ақпанында Chocofamily Holding Ltd «шоколад холдингінің» негізгі акционері болды. Ол 99,84% үлеске ие болды.

Компания акционерлерінің ортақ иелерінің құрамын өзгертіп, оның құрамына  Әбдірахманов, Рахымбаев пен Титаренко бірдей акциялармен кірді. Choco Capital Partners ЖШС үлесі 1 пайыздық тармаққа (51,11%-ға дейін) азайды. Сонымен бірге Турловтың үлесі – 1 пайыздық тармаққа (20,96%-ға дейін) азайса, Евгений Усатовтың үлесі де осыдан сәл ғана пайыз (1,5%) азайды. «Demus Capital» ЖШС өз үлесін 0,16%-ға дейін азайтып, осы компаниядан тыс Choco акционері болып қалды.

2023 жылдың соңында Турлов пен Мухоряпов Chocofamily Holding Ltd арқылы Choco-ның бақылаушы акционерлері болып қалды.

Биылғы жылдың сәуірінде тағы бір өзгеріс болды. Сатып алу-сату шарты бойынша «Демус Капитал» ЖШС--ның - 0,16% Мухоряповқа тиді. Осылайша, қазіргі уақытта Choco-ның екі тікелей акционері бар. Олар: Рамиль Мухоряпов (0,16%) пен астаналық Chocofamily Holding Ltd.

Chocofamily Holding Ltd. Choco-ның 99,84%-на иелік етеді.  Оның акционерлерінің тізімінде Мухоряпов, Турлов, Әбдірахманов пен тағы 160 адам бар. Тізімде Рахымбаев жоқ. Ол жоғарыда айтқанымыздай, өзінің үлесін сатып жіберді.

2019 жылы кәсіпкер холдингке 5 млн доллар инвестиция тартқан.

Жақында BI Group басшысы Айдын Рахымбаев IQ Club жоспарлары туралы ойын айтқан еді. Ол IQ Club-қа жыл сайын ауыл балаларын дамытуға 4 млн теңгеден астам қаражат салуға дайын кәсіпкерлерді шақырады.