ІІМ ЕҚҚІҚД мен Қызылорда облыстық Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Сырдария ауданының далалық жерінде ірі есірткі алқабын анықтады, деп хабарлады Ulysmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
22 ЖАСТАҒЫ ЕКІ ЖІГІТ ҚЫЛМЫС ҮСТІНДЕ ҰСТАЛДЫ
Есіртік алқабында қылмыс үстінде 22 жастағы екі тұрғын ұсталды. Тексеру кезінде жедел-тергеу тобы құрамында есірткі бар өсімдіктердің 1237 түбін анықтады.
Полицейлермен оқиға орнында ірі есірткі алқабынан бөлек ыдыс-аяқтар, есірткі затын өсіруге және тұтынуға арналған құрал-саймандар: шланг, су айдауға арналған мотор, бензин, қапқа салынған тынайтқыш және патрондарымен 16 калибрлі қос ауызды тіркеуде жоқ аңшы мылтығы анықталды. Сонымен қатар 1237 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес 503 келі болып шықты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - делінген хабарладама.
КҮДІКТІЛЕРДІҢ ӘРҚАЙСЫСЫ 4 ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІН
Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Қылмыстық іс сотта қаралып, айыпталушылар өзінің кінәсін мойындады. Олар кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, елімізде маусым айының басынан бері басталған «Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 15 тоннадан астам есірткі тәркіленді.