Жаңбыр, бұршақ, жел: 20 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

Ілияс Бақыт

 Күндіз Атырау облысында қатты ыстық күтіледі.

ашық дереккөзден

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен, бұшақпен, дауылмен жаңбыр күтіліп, елдің солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр болады. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшеюі күтіліп, солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болады.

 Күндіз Атырау облысында қатты ыстық күтіледі.

 Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында,  Шығыс Қазақстан облысының солтүстік- батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының  орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.