Қарасора бұталарын өсірген діни идеология жақтаушысы ұсталды

Ілияс Бақыт

49 жастағы жергілікті тұрғын қарасора бұталарын өсірген.

Фото: видеодан алынды

Жетісу облысында ірі мөлшерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

49 жастағы жергілікті тұрғын қарасора бұталарын өсірген. Сараптама қорытындысына сәйкес, кептірілген марихуананың жалпы салмағы 3 келі, кептірілмегені – 1 келі.

«Ұсталған адам радикалды діни идеологияның жақтаушысы. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды, тергеу әрекеттері жалғасуда», - деп хабарлады ПД.

Айта кетейік, бұған дейін 10 миллион теңге пара беруге итермелеген шенеуніктің ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.