Қазақстандықтар шарт күшейгеніне қарамастан несиені көбірек ала бастады

Сырым Қаржас

2024 жылдың екінші тоқсанында банктер шарттарды қатайта бастаса да қазақстандықтар несиеден бас тарта алмаған. Азаматтар банкке барып ақшаны белсенді түрде алып жатыр. Әсіресе, автокөлік сатып алып, жеке қажеттіліктер үшін қарыз алатындар көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

Ипотека

Ипотекаға деген сұраныс сәл төмендеген. Бұған қарыз алушыларға қойылатын қатаң талаптар мен тұрақсыз жылжымайтын мүлік нарығындағы банктердің сақтығы әсер еткен. Соның нәтижесінде ипотека үшін берілген өтінім саны 3%, 210 мыңға дейін азайды. 

Тұтынушылық несиелер

Бірақ кепілдендірілген тұтынушылық несиелер, керісінше, танымал бола бастады. Мұнда өтінімдер саны 20%, 46 мыңға дейін өсті. Банктер мұндай қарыздарды насихаттап қана қоймай, мақұлдау процесін жеңілдетіп, қарыз алушыларды көбірек тартқан.

Кепілсіз несиелер

Кепілсіз несиелер де сұранысты жалғастыруда. Оларға өтінімдер саны 21,8 миллионға жетті, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 1% - ға өсті. Банктердің белсенді жарнамалық науқаны өз рөлін атқарды.

Автонесиелер

Автокөлік несиелері де өсімді көрсетеді. Акциялық шарттар мен субсидияланған кредиттерді ұсынатын банктердің автосалондар ынтымақтастығының арқасында өтінімдер саны 10% - ға өсіп, 997 мыңға дейін өсті.

Болжам

2024 жылдың үшінші тоқсанында Ұлттық Банк автокредиттер мен кепілсіз тұтынушылық қарыздарға сұраныстың одан әрі өсуін болжайды. Бірақ ипотекалық сегментте және тұтынушылық несиелер бойынша өзгерістер күтілмейді.

Деректерді Ұлттық банк екінші деңгейдегі 19 банктің сауалнамасы барысында алды. Ол несиелік ресурстарға сұраныс пен ұсыныстың өзгеруін бағалау мақсатында тоқсан сайын өткізіледі.