FlyArystan әуе компаниясының басшысы Ричард Леджер бөтен қалада оқушы қызды жалғыз қалдырып кеткен қызметкерлері жазаланбағанын айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
- Бұл оқиға көп талқыланды. Біз болған оқиғаға қатты алаңдаймыз. Қауіпсіздік процедурасы бұзылды. Шұғыл шешімге келіп, түзету шараларын қабылдап, стандарттарды түзету үшін тексеру басталды. Біз Қазақстан заңнамасында көзделген шараларды қабылдаймыз", - деді ол.
Кім жазаланды
- Әлі ешқандай тәртіптік шара қолданылған жоқ, өйткені тексеру әлі аяқталған жоқ.
Мен кешірім сұрадым, тағы да кешірім сұраймын және болған жағдай үшін әлі де кешірім сұрай берем. Бізде мұндай жағдайдың болмауын қамтамасыз ететін техникалық қызмет көрсетудің өте қатаң ережелері бар. Әрине, мен балалардың анасынан тағы да кешірім сұраймын, - деді Леджер.
Оқиға жайлы
Орал тұрғыны Жазира Мусина бұған дейін қызымен Астана әуежайында болған оқиғаны айтып берген. Әйелдің айтуынша, FlyArystan компаниясы өзінің егіз балаларының бірін бөтен қалада жалғыз қалдырып кеткен.
2024 жылғы 20 шілдеде Жазира Зере мен Зауре Ғалиеваның балалары АҚШ-тан Оралға бір топ балаларымен бірге сенімді адаммен бірге оралған. Астана арқылы ұшпақ болғанымен, тіркеу кезеңінде проблемалар туындаған. FlyArystan қызметкерлері Заурені рейске тіркеп, бірақ оның әпкесі Зерені тіркеуден бас тартқан.