Бортта инсультке түскен жолаушы: Астанада Swissair ұшағының шұғыл қонуын кім тергейді

Аян Өрібай

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астана әуежайында Swissair ұшағының шұғыл қонуын Швейцария тарапы тергейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Жансақтау бөліміне түскен жолаушы

Ластаев Swissair ұшағында есінен танып қалған жолаушының жағдайы жайлы айтты.

– Жолаушының жағдайына байланысты ұшақ шұғыл қонды. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр, - деді ол.

Істі кім тергейді

Сондай-ақ, көлік вице-министрі сол рейспен ұшқан барлық жолаушылар межелі жерге жеткізілгенін атап өтті. Swissair ұшағының өзі бір күн бұрын кері ұшып кеткен.

Бұл оқиға Ластаевтың айтуынша, әуе кемесі тіркелген елде, яғни Швейцарияда тергеледі. Тергеу нәтижелері кейінірек жарияланады. 

Еске сала кетейік, 17 тамызда бірден бірнеше куәгер Ulysmedia.kz порталына Астана әуежайындағы оқиғаны хабарлаған еді. Кейінірек Swissair ұшағы инсультпен ауыратын жолаушының кесірінен шұғыл қонғаны анықталды.