Қазақстаннан Токиоға тікелей рейс ашылады

Ілияс Бақыт

Бұл құжат іскерлік және туристік сапарлар үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді

ашық дереккөзден

ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті Токиоға рейстерді ашу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Осылайша, Air Astana және Japan Airlines екі авиакомпанияға 2026 жылдың көктеміне жоспарланған Алматыдан Токиоға жаңа рейсте өз кодтарын орналастыруға мүмкіндік беретін кодшерингтік келісім жасасты”, -делінген хабарламада.

Бұл құжат іскерлік және туристік сапарлар үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ екі ел арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне ықпал етеді. Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылды.

Маршруттар мен кестелер туралы қосымша ақпарат екі авиакомпанияның билеттерін жоспарлау және сату жүйелерін біріктіргеннен кейін жарияланады.