Ақмола облысында балабақша директоры айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан ақша жинаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жұмысқа мас күйде келген
Облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірдегі балабақшаларға тексеру жүргізіліп, мекемелерде әртүрлі салада 300-ден аса талап бұзылғандығы анықталған.
Ақпаратқа сүйенсек, балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйінде болған.
Балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағылардан қаражат жинады. Бұл ретте мекеме басшысы жұмыстан шығарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Жалған медициналық кітапшалар
Сонымен бірге 3 балабақшада 15 қызметкерден жалған медициналық кітапшалар табылды. Сондай-ақ, мектепке дейінгі 12 ұйымда ішек бактериялары табылды.
Бұған қоса, 19 мекемеде тамақтану нормалары санитарлық нормаларға сәйкес келмеген.
Кінәлілер жауапқа тартылды.