Жылы және аз жауын-шашынды ауа райы қыркүйектің бірінші онкүндігінде сақталады, содан кейін атмосфералық фронттың жиі өзгеруінен республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оңтүстік өңірлерде жоғары қысымды аймақтың әсерінен жауын-шашын нормадан аз болуы мүмкін. Алайда ай бойы ауа температурасы түнде + 15 +23°С-тан +3 +10°С-қа дейін, ал күндіз+25 +35°С-тан +15 + 23°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.
Қыркүйекте ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1° жоғары болады, батыста, еліміздің қиыр шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда норма шамасында болжануда.
Қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері көп, елдің оңтүстік аймақтарында нормадан аз болады.
Қазан және қарашада күзден қысқа біртіндеп ауысу күтілуде. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы алдағы жылдармен салыстырғанда әдеттегіден төмен болады. Еліміздің оңтүстік-батысы мен орталығында, жауын-шашын нормадан аз жауады.