Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында кей уақыттарда тұман болады.
“Қазгидромет” РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жаууы күтіледі. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында кей уақыттарда тұман болады.
Абай, Ұлытау, Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, орталығында, Атырау облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.