Көкшетауда 9 жасар қыз өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Көкшетауда 9 жасар қыз өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Nayzakokshe инстаграм-паблигінің жазуынша, қыздың денесін әкесі тапқан. Қайғылы жағдай көпбалалы отбасында болған. Қыздың өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны белгісіз.
«Полиция департаменті бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады Ақмола облысы ПД.
Пабликтегі ақпарат бойынша қыз үшінші сыныпта оқыған. Қазан айында ол 10 жасқа толуы керек еді.