«Ешқандай қатысым жоқ». Ерке Есмаханның күйеуі тосын мәлімдеме жасады

Әлихан Асқақ

Қазақстан әншісі Raim өз жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
 

ашық дереккөзден

Оның сөзіне қарағанда, әлдекім оның есімін пайдаланып, TikTok-та белсенділік танытып, адамдарды адастырып жүр.

Raim деген атпен белгілі Райымбек Бақтыгереев өзінің Instagram-дағы stories аккаунтында маңызды ақпаратпен бөлісті. Әнші Ерке Есмахан жұбайы соңғы уақытта оның атынан TikTok-та адамдарды адастыратын іс-шаралар белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Менде tik-tok қолданбасында ресми аккаунты жоқ. Менің атымнан суреттер, бейнелер жариялап немесе сөйлесіп, жауап беретін адамдарға сенбеңіз. Raim деп аталатын бірде-бір бетке ешқандай қатысым жоқ. Рахмет, – деп ескертті ол.