Павлодарда кішкентай қызына қол көтерген әке жазаланды

Ілияс Бақыт

Павлодарда 7 жастағы қызына қол көтерген әке жазаланды. деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан алынды

Жұрттың наразылығын тудырған оқиға бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Онда 53 жастағы ер адамның қаршадай қызын ұялы телефонмен ұрып жатқаны анық көрінеді.

Бұл ретте баланың анасы күйеуіне қарсы арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан ер адамға қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оның құқығы мен мүддесін қорғау міндетін орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, сотқа тартылды. Баласын күшпен тәрбиелемек болған әке енді айыппұл төлейді.

Қызына қол көтерген азаматты көршілері көріп, полиция шақыртқан. Қатыгез әке профилактикалық есепке алынды. Енді ол қамқоршы органның жіті назарында болады.

“Сот іс материалдарын жан-жақты зерттей келе, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 25 844 теңге айыппұл тағайындады. Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ”, - деп мәлімдеді Павлодар облысы сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.