БҚО-да жүргізуші тірідей жанып кетті

Әлихан Асқақ

Қайғылы оқиға 1 қыркүйекте сағат 13:20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты автожолында болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

скрин

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 шақырым жерде екі көліктің соқтығысуы орын алған.

Алдын ала Volkswagen Passat жүргізушісі басып озып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Subaru-мен бетпе-бет соқтығысқан, - деп нақтылады полиция. 

Апат салдарынан Volkswagen көлігі өртеніп кеткен. Салонда жүргізуші болды, ол да өртеніп кетті. Сонымен қатар, апат орнында Subaru көлігіндегі жолаушы қайтыс болды. 

Subaru-дың жүргізушісі мен әртүрлі жарақаттары бар үш жолаушысы ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.