АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалады

Қалижан Бектемір

АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Бұл туралы ОСК брифингінде айтылды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина АЭС салу мәселесі бойынша референдумның бюджеті 15,5 млрд теңгені құрайтынын мәлімдеді.

ОСК мүшелері бұл сметамен есептелген сома екенін айтады.

Еске салсақ, Президент Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биыл 6 қазанда өтетінін мәлімдеді.

Үкімет президенттің АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы жарлығы жөнінде қаулы қабылдады.

Қазақстандағы АЭС

2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілетінін жариялағн. 2023 жылы 4 қазанда Қазақстанның Энергетика министрлігі референдум өткізілгенге дейін атом электр станциясының құрылысына байланысты барлық жұмыс тоқтатылғанын хабарлаған еді.

Оқи отырыңыз: Энергия тапшылығының қаупі қандай? АЭС салудан халық неге қорқады? Тариф өсіп кетпей ме?.