Бүгін Астанада кейбір жолдар жабылды

Сырым Қаржас

Бүгін Астана қаласындағы кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектелді және бұл жағдай бірнеше күнге созылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

8 қыркүйек сағат 09:00-ден 9 қыркүйек 06:00-ге дейін Жансүгіров бойынан Абылай ханнан Құдайбердіұлына дейінгі учаске жабылды.

Сондай-ақ 8 қыркүйекте Земляничная көшесінің бойында Қараменді би Шақаұлынан Бейбарыс сұлтанға дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылды.

Р-10 "Астана айналма жолы" жолының 30-36-шақырымға дейінгі учаскесі 26 қыркүйекке дейін жабық.