Шымкентте полиция бастығының орынбасары ұсталды: ІІМ не дейді

Сырым Қаржас

Әлеуметтік желілерде Шымкент полиция басқармасының қаржылық қамту басқармасының бастығы мен полицияның аға лейтенантының қатысуымен 370 млн теңгенің жымқырылғаны жөнінде ақпарат тарады. ІІМ жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Primeminster.kz

Министрлік полиция бастығы мен аға лейтенанттың шынымен ұсталғанын нақтыламады. Алайда бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

– Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданады. Кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. ІІМ кез келген құқық бұзушылыққа төзбеу бойынша қағидатты ұстанады, - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

7 қыркүйекте Астана мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы Мажағұловтың ұсталған.