Белгілі академик Ғылым министрлігін сотқа берген: сот шешім шығарды

Сырым Қаржас

Бүгін, 12 қыркүйекте Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында танымал академик Арман Қашқынбековтің ісі бойынша шешім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

kapital.kz/Руслан Пряников

Сот ісі бірнеше айға созылды. Академик ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым комитетін сотқа берген. Өзін заңсыз жұмыстан шығарды деп шағымданған.

Сот академиктің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, жұмысқа қайта оралу, мәжбүрлі түрде жұмыстан қалу және моральдық зиян үшін заңды өтемақы алу туралы талабын қарады.

Шешім 

Қашқынбековтің мүддесін қорғаған адвокат Айжан Алина сот талапты қанағаттандырудан бас тартқанын хабарлады. Қорғаушы тарап мұнымен келіспейді, ары қарай шағымдануға ниетті.

– Судья өз түсініктемесінде қоғам жарғысында қайшылықтар жоқ және жалғыз құрылтайшы өкілеттігін тоқтатуға құқылы деген бір дәлел келтірді. Шешіммен келіспейміз, міндетті түрде апелляциялық сатыдағы сотта істі жалғастырамыз. Қажет болса, Жоғарғы сотқа барамыз, - дейді адвокат.

Қашқынбековтың президентке хаты

Еске сала кетейік, бұған дейін президент жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі және "ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Арман Қашқынбеков Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құзыретіне күмән келтірген еді. Ол мемлекет басшысына хат жазған.

“Менің сізге жүгінуіме еліміздің ғылымды басқару саласындағы қалыптасқан ахуал себеп болды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі - ҚР ҰӘҚ), министр С. Н. Нұрбектің, сондай - ақ вице-министр Д. Ж. Ахмед-Закидің, Ғылым комитетінің төрағасы Г. Жанқуатовтың сауатсыз және кәсіби емес жұмысы бар, ол ғалымдарды гранттық қаржыландыру бойынша тұрақты іркілістерге, мемлекеттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының мерзімдері бойынша кідірістерге әкеледі. Ғылыми қоғамдастықтың ұсыныстары мен сын – ескертпелерін елемеу, "келіспейтіндерге" психологиялық шабуылдар жасау, нақты даму саясатының болмауы,” - делінген үндеу мәтінінде. 

Қашқынбековтің сөзінше, қаржыландыру көлемі едәуір ұлғайғанына қарамастан (2022 жылы-56 млрд. теңге., 2023-156 млрд. тг) экономиканың нақты секторындағы ғылыми жобалар іске аспайды, "көбіне есеп беру үшін қағаз жүзінде ғана қалады".