Қытай Газаға 100 млн доллар гуманитарлық көмек бөлмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қытай Халық Республикасы Газа секторындағы гуманитарлық жағдайды жеңілдету және инфрақұрылымды қалпына келтіру мақсатында 100 миллион доллар көлемінде қаржылай қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Франция президентімен кездесуден кейін жариялады. Ол Қытайдың бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған кез келген бастаманы қолдайтынын және тараптарды барлығына тиімді шешім табуға шақыратынын атап өтті.
WAFA агенттігінің хабарлауынша, Палестина басшысы Махмуд Аббас Си Цзиньпинге жолдаған хатында осы қолдауы үшін алғыс білдірген.