Ақтау маңында көлік апатына түскен қыздардың жағдайы ауыр

Сырым Қаржас

Ақтау қаласына жақын маңда болған жол-көлік апатынан кейін ауруханаға жеткізілген екі қыздың жағдайы ауыр деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бір қызға ота жасалып үлгерген. 

2008 және 2022 жылы туған екі қыз да “Автодром” ауданында болған жол апатынан зардап шегіп, шок күйіне жатқызылған. Олар қазір  жансақтау бөлімінде. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 

Үлкеніне ота жасалған. Дәрігерлер әлі нақты болжам айта алмай отыр. Ал ата-аналарын жансақтау бөліміне кіргізбейді.

Бұған дейін оқиға салдарынан 2008 және 2022 жылы туған екі қыздың зардап шеккенін хабарлағанбыз.

Маңғыстау облысының полиция департаменті жол апатына қатысты түсініктеме берді.

“Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды”, делінген полиция департаментінің мәлімдемесінде.