Қазақ елшілігінің досы: бұрынғы еуродепутат ірі көлемдегі жемқорлық күдігіне ілінді

Сырым Қаржас

Польшада бұрынғы Еуропарламент депутаты Рышард Чарнецкий әйелі Эмилиямен бірге ұсталды. Билік Чернецкийді сыбайлас жемқорлық келісімін жасады деп айыптап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның Польшадағы бұрынғы елшісі Чарнецкий (қазір ұсталған) мен ҚР Бельгиядағы қазіргі елшісі, ҚР Еуроодақ жанындағы өкілдігінің басшысы Марғұлан Баймұхан

БАҚ Чарнецкийді Варшава әуежайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық бюроның қызметкерлері ұстағанын жазады.

Тергеу мәліметтері бойынша, саясаткердің жұбайы "Гуманум колледжі" жеке университетінде докторлық дәрежеге ие болуы керек еді. Бұған жауап ретінде Чарнецкий университеттің мүддесін қорғап, Өзбекстан билігін университеттің Әндіжанда филиалын құруға атсалысатынын айтып уәде берген.

Чарнецкий және Қазақстан

Еске сала кетейік, Чарнецкийдің Қазақстанмен ерекше "достық" қарым-қатынасы бар. Ол біздің елшіліктерімізге келіп, Қазақстандағы жаңалықтарға байланысты бірнеше рет түсініктеме бергені бар.

Чарнецкий Қазақстандағы су тасқыны кезінде алаңдайтынын білдірсе, 2022 жылы Еуропалық одақ елдерін, оның ішінде Польшаны Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.