Өмірге қауіп төндіреді: Финляндия дәрігерлері үкіметке қарсы шықты

Ілияс Бақыт

Дәрігерлер Финляндияның оңшыл үкіметінің "шұғыл медициналық көмекке құжаттары жоқ адамдарға тыйым салу" туралы жоспарларын өзгертуге шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Guardian басылымына сілтеме жасап.

“Ұлттық коалиция” партиясының жетекшісі Петтери Орпо

ШЫҒЫНДАРДЫ АЗАЙТУ

“Ұлттық коалиция” партиясының жетекшісі Петтери Орпо  басқаратын үкімет 2023 жылғы құжатсыз мигранттарға шығындарды азайту жоспарларына сәйкес, толық медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін заңның күшін жоюды ұсынды.

Бірақ Фин медицина қауымдастығы жоспарға қарсы. Ұйым өкілдерінің айтуынша, ол "өте проблемалы” шешім және адам шығынына әкеліп соғуы мүмкін.

ШЕКТЕУ САЛДАРЫ

Дәрігерлер жаңа шектеулердің салдары өмірге қауіп төндіруі мүмкін деп ескертеді, өйткені қант диабеті немесе астма сияқты аурулары бар адамдар емделе алмай қалу қаупі бар.