Екі облыста қалың әскер байқалуы мүмкін. Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Меліс Сейдахметов

2024 жылғы 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024"  командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

Әскери іс-шара Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында өтеді деп жоспарланған.

Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды. Алматы және Жетісу облыстарының аумағы арқылы әскери қызметшілердің қозғалысы темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз, делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпараттық хабарламада.

АРМЕНИЯ ЖОҚ

Әскери жиынға ұйымның шыққалы жатқан Армения күштері қатыспайды. Тіпті бүгін Арманияның премьер-министрі Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Арменияның егемендігіне қауіп төндіріп тұр деген мәлімдеме жасады.

Бұл туралы Арманияның Никол Пашинян жалпы армян форумында мәлімдеген.

Біз барлық келісімдерді тоқтаттық. Себебі ұйым өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Тіпті біздің елдің егемендігіне қауіп төндіріп тұр, - деді ол.