Wildberries кеңсесіндегі атыс: Дүкен иесі көзіне жас алып видео жолдады

Ілияс Бақыт

18 қыркүйекте ресейлік Wildberries маркетплейсінің негізін қалаушы және бас директоры Татьяна Бакальчук компанияның Мәскеудегі кеңсесіндегі атыстан кейін күйеуіне эмоционалды бейне жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Ашық дереккөзден

КҮЙЕУІН КІНӘЛАДЫ

Бейне оның Telegram арнасында жарияланды.

"Біздің кеңсеге қарулы адамдар басып кірді, атыс басталды. Жас қызметкерлер қаза тапты. Владислав, сен не істеп жатырсың? Мұны ата-анаңызға, біздің балаларымызға қалай түсіндіре аласыз? Сіз бұған қалай бара аласыз? Жағдайдың осы абсурдқа жетуіне қалай жол бердіңіз?"- деді Бакаьлчук көз жасын әрең ұстап.

НЕ ЖАҒДАЙ

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ресейдегі Wildberries кеңсесінде атыс болды. Үш адам зардап шекті. Желіде тараған бейнеден бір топ ер адам ғимаратқа басып кіруге тырысқанын көруге болады. Бірақ күзетшілер оларға кіруге тыйым салады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, атыстан кейін 30-ға жуық адам ұсталған.

КІМ КІНӘЛІ

Жанжалдың себебі мен оған  Владислав Бакальчуктың қатысы бар-жоғын тергеу анықтайды.

"Кісі өлтіру", "құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу" және "қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе алып жүру" баптары бойынша қылмыстық істер қозғалған. 

WILDBERRIES ТУРАЛЫ 

Wildberries – ресейлік маркетплейс. Оның негізін 2004 жылы Владислав пен Татьяна Бакальчук қалаған. Ресейде, Беларуссияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Арменияда, Израильде, Түркияда, Өзбекстанда және Әзербайжанда жұмыс істейді. Ресейдің 2016-2020 жылдардағы ең ірі интернет-дүкені.

18 тамызда Wildberries басшысы Татьяна Бакалчук күйеуімен ажырасудың себебін айтып, олардың некелері жұбайының абьюзивті мінез-құлқына және оның жиі үйде болмауына байланысты мәселелермен көлеңкеде қалғанын айтты.