Астанада дөнер сататын дүкенде жарылыс болды

Қалижан Бектемір

Астанада дөнер сататын дүкенде жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ТЖМ

НЕ БОЛҒАН

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Елорданың Алматы ауданындағы Құдайбердіұлы даңғылында орналасқан дөнер цехында газ-ауа қоспасы жарылыс тудырып, содан кейін өрт шықты, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Жарылыс салдарынан өрт жақын маңдағы көкөніс сататын дүңгіршекке өтіп, көлікті зақымдаған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 24 шаршы метр аумаққа жайылған өртті оқшаулап, Сағат 23:46-да оны толығымен жойғанын хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласу керек.