Ресейдің Comedy Club шоуы жабылды

Ілияс Бақыт

Ресейдегі Comedy Club шоуы жабылады. Соңғы шығарылым 20 қыркүйекте ТНТ-да шығады. Бұл туралы "Газпром-медиа" баспасөз қызметі хабарлап,  ТНТ директоры Тина Канделаки растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Фото: tnt-online.ru

РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ 

"Газпром-медиа" жариялаған ресми мәлімдемеде Comedy Club креативті продюсері Гарик Харламов бағдарламаның жабылғанын растаған.

ТИНА КАНДЕЛАКИДІҢ ТҮСІНДІРМЕСІ 

Бұған дейін TNT телеарнасының директоры Тина Канделаки шоудың қайта басталуы мүмкін екенін айтқан.. Шілде айында креативті продюсер болып тағайындалған Харламов сахнаға, музыкаға, резиденттер құрамына және әзіл форматына байланысты көптеген жаңа идеяларды ұсынды деген.

"Біз мұны бүкіл команда болып талқылап, жағдайды мұқият бағаладық. Енді мен бір ғана нәрсені айта аламын: "Қош бол, Comedy", - деп түсіндірді Канделаки.

Comedy Club

Comedy Club Production шығарған Comedy Club шоуы ТНТ-да 2005 жылдың 23 сәуірінен бастап шықты. Эфирге шыққан кезде бағдарлама бірнеше рет Ресейдің "ТЕФИ" телевизиялық сыйлығының лауреаты болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Comedy Club басылымында танымал қазақстандық тиктокер Алина Ким хомяк ретінде танымал болған.