"Үйінен шығып, қайта оралмаған". Қазақстанда ер адамдар жиі жоғалады

Меліс Сейдахметов

Қазіргі уақытта ел бойынша 9 415 адам іздестірілуде, олардың 2 096 хабар-ошарсыз жоғалғандар. Хабар-ошарсыз жоғалғандардың көп бөлігі Алматы қаласында (275), Қарағанды (211), Павлодар (172) және Алматы (154) облыстарында тіркелген, деп хабарлайды 

Көрнекі сурет

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәліметінше, әртүрлі жағдайларда 30-49 жас аралығындағы ер адамдар ең жиі жоғалады (77%).

“Үйінен шығып, қайта оралмағандар – 1 558 және автокөлікпен жоғалғандар - 72, жұмыстан шыққандар - 33 адам. Сондай-ақ, елімізде тергеуден және соттан жасырынған 2 184 адам іздестірілуде жүр. Олардың көп бөлігі 31-40 жас аралығындағы ер адамдар екенін атап кету қажет (89%). Олардың басым бөлігі, Алматы қ. (466), Астана қ. (161), Шымкент қ. (133), Алматы (144) және Қарағанды облысында (143), алаяқтық (404), ұрлық (212) және адам өлтіру (127) үшін іздестіруге салынғандар” делінген комитет хабарламасында.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асырады.

Барлық іздестіру істерінің тіркелуін, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық банкі деректерінің өзара іс-қимылын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүзеге асырады.