Блогердің қысымы: Атырауда күзетшінің өліміне қатысты іс қозғалды

Ілияс Бақыт

Атырауда блогерлердің қысымынан кейін бақилық болды деген күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіден

БҰЗАҚЫЛЫҚ БАБЫ

Тергеу бұзақылық бабымен жүріп жатыр. Алайда марқұмның туыстарының тарапынан құзырлы органдарға арыз-шағым түспеген. Қоғамдық резонанс тудырған жағдай болғаннан кейін, полиция істі жылы жауып қоя алмаған сияқты. 

ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛҒАН

Атыраудағы Мемлекеттік сараптама орталығына  бір топ блогер келген. Мекемеге кіргізбей, құжатын сұраған 56 жастағы күзетшіге бағынбай, қарсылық көрсеткен. Әуесқой түсірілімде жасы үлкен кісіге өзін блогер дейтін ер адам мен әйелдің дауыс көтеріп, ар-намысына тиетін сөздер айтып жатқанын естіледі. Сол кезде  күзетшінің денсаулығы нашарлап, жедел жәрдем шақырған. Бірнеше аптадан кейін күзетші қайтыс болыпты. 

“Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды,” - дейді  
Атырау облысы ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Шымкентте жасөспірімді таяқпен ұрған ЖШС күзетшісі үш жылға сотталған еді.