Украина, Ауғанстан, Ресей: Қай елдердің азаматтары Қазақстаннан пана іздейді

Ілияс Бақыт

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда баспана іздеген 368 адам және 310 босқын тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

ҚАЙДА ТҰРАДЫ

Олардың көпшілігі Алматыда тұрады. 

ҚАЙДАН КЕЛГЕН

Баспана іздейтіндердің қатарында Украинадан 175 адам, Ауғанстаннан 136 адам, Ресейден 19 адам және басқа елдерден 39 адам бар. Босқындар арасында Ауғанстаннан 213 адам, Украинадан 87 адам, Қытайдан бес адам, Сириядан үш адам және Өзбекстаннан бір адам бар.

Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Әбілхатиннің айтуынша, олар үшін кәсіби және тілдік даярлық курстары ұйымдастырылған, оқытуға бірыңғай тарифтер бекітілген және оны өтудің арнайы алгоритмі әзірленген.