Израиль президенті Ливандағы пейджер мен рация жарылысына елдің қатысы жоқ екенін мәлімдеді

Ғалиасқар Думан

Израиль президенті Ицхак Герцог Sky News арнасына берген сұхбатында Ливандағы «Хезболла» тобы өкілдерінің пейджері мен рациясының жарылуына Израиль арнайы қызметінің қатысы жоқ деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

ҚОРҒАНУ ҮШІН ЖҮРМІЗ

Жүргізушінің Израиль жарылыстар үшін жауапкершілікті арқалаудан бас тарта ма деген сауалына, Ицхак Герцог «Хезболланың» жаулары өте көп деп ажуап берді.

«Хезболла Ливанды тұншықтырып, күйретіп, қайтадан қайталап хаос жасап жатыр. Біз бұл жерде қорғану үшін жүрміз. Біздің жасап жатқанымыздың бары осы. Шара қабылдануы керектігін ұғындырғымыз келеді. Кез келген қалыпты ел осылай жасар еді, Ұлыбритания да, өзге кез келген мемлекет халқын қорғау үшін осылай жасар еді»  дейді ол.

Оның сөзінше, Израиль Ливанмен соғысуға мүдделі емес, бірақ елді «Хезболла» басып алғаннан кейін мұнда эскалация қаупі бар. 

АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің спикері Джон Кирби осы әскери конфликті өршіту олардың («Хезболла» тобының) мүддесіне сай деп санайтынын, бұл жөнінде тікелей израильдік серіктестеріне хабарлап отырғанын айтады.

80 НЫСАНДЫ БОМБАЛАҒАН

Десе де 23 қыркүйек күні Израиль әскері ЦАХАЛ Ливан аумағында 80 нысанды бомбалады. ЦАХАЛ спикері, бригада генералы Даниель Агари Хезболла қалай үйде зымыран жасырып, зымыранмен ату үшін Шатырын тесіп қойғанының видеосын көрсеткен. Олардың қолындағысы ресейлік DR-3 қанатты зымыраны екені анықталған. Зымыран жүздеген келі жарылғыш зат тауға қауқарлы. Хезболла бірнеше апта бұрын соларды іске қосуға тырысқан.

ПЕЙДЖЕРЛЕР ЖАРЫЛЫСЫ

17 қыркүйек күні Ливан тұрғындарының пейджерлеріне қашықтан шабуыл жасалып оларды жарып жіберген. Жараланғандардың арасында Иранның Бейруттағы елшісі де бар. Елдегі пейджерлерді «Хезболла» әскерилендірілген тобының мүшелері пайдаланады. Бірнеше ай бұрын қозғалыс жетекшісі топ мүшелерін бұзуы мүмкін смартфондардан қауіпсіз пейджерлерге көшуге шақырған.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕАКЦИЯ 

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Америка Құрама Штаттарына жарылыстар туралы ескертілмегенін және қазіргі уақытта болған оқиға туралы ақпарат жинап жатқанын айтты. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі шабуылды «қасақана» деп сипаттап, оның мақсаты Таяу Шығыста ауқымды қақтығыс тудыруы мүмкін екенін атап өтті.

Иорданияның Сыртқы істер министрі Израильдің әрекеті аймақтағы шиеленісті күшейтіп, бірнеше майданда өршуге ықпал ететінін айтты. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да Израильдің Газа секторынан тыс қақтығыстарды кеңейту әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді.