Ливанда қаза тапқандар саны 180-нен асты - БАҚ

Ілияс Бақыт

Ливан Израильдің Хезболлаға жасаған шабуылынан 180-нен астам адам қаза тапқанын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  

Фото: shutterstock.com. Автор: Anas-Mohammed

НЕ ЖАҒДАЙ

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, дүйсенбіде Ливандағы Хезболла нысандарына израильдік әуе шабуылдарынан 180-нен астам адам құрбан болған. Тағы 700 адам жарақат алған.

“Бұған дейін Ливан тұрғындарының телефондарына Израиль тарапынан эвакуациялану туралы аудио хабарламалар келе бастады”, деп хабарлады Ливанның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары.

Бейруттан келген BBC тілшісі Орла Гериннің айтуынша, эвакуация туралы ескертулерден кейін елордалық көшелерде кептелістер пайда болды.

Гериннің айтуынша, Бейрут тұрғындарына қаланың бірқатар аудандарынан, соның ішінде Хамра ауданынан эвакуациялау қажеттілігі туралы ескертілген. Бұл ауданда ақпарат министрлігі, банктер мен университеттер орналасқан.

ИЗРАИЛЬ ТАРАПЫ НЕ ДЕДІ

Израиль Президенті Ицхак Герцог өз елінің Ливандағы пейджерлер мен басқа да байланыс құралдарын жаруға қатысы барын терістеді.