“Ауырып қалғанына алаңдап едік”: Жүрсін Ерман Ақордада жүр

Ілияс Бақыт

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы-кеңесшісі Берік Уәли парақшасында жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz    

berikuali парақшасынан

Президенттің баспасөз хатшысы Жүрсін Ерманмен кездесіп, мәдениет, руханият тақырыбында әңгімелескен.

Ауырып қалғанында алаңдап қалған едік, кейінгі кезде республикалық айтыстардың төрінен көрініп қуантып жүр. Қырық жыл бойы қазақтың айтыс өнерінің басы-қасында жүрген, жыр додаларының қара нары атанған Жүрсін ағамыз аман болсын! - деп жазды Берік Уәли.

ЖҮРСІН ЕРМАН

Жүрсін Молдашұлы Ерман – 1951 жылы қазіргі Ұлытау облысында дүниеге келген. Белгілі ақын, журналист. Қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы. Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы. Әр жылдары Еуразия ұлттық университетінде, “Қазақ радиосында” басшылық қызмет атқарған. 

Еске сала кетсек, былтыр Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені туралы ақпарат тараған болатын. Кейін қызы әкесінің жағдайын баяндады. Ақынның ота жасатқан аяғы жазылмай, асқынып кеткені белгілі болды. Сонымен қатар ақын Еуропаға барып, өзі ем алып жатқан Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдаған еді.

Айта кетейік ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус – белгілі ақын Жүрсін Ерманның құдасы. ДДСҰ басшысының үлкен ұлы Жүрсін Ерманның жиен немересіне үйленген.