"Бұғанам сынып, миым шайқалды" - Асхат Садырбай ауыр жол апатына түскенін айтты

Ілияс Бақыт

Белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай өмір жолында көп қиындық көргенін айтты. Сәтсіз болған некесі туралы, төсекке таңған жол апаты туралы айтып жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіден

Асхат Садырбай - қалың көпшілікке таныс тележүргізуші. Ол ауыл тірлігін насихаттайтын бағдарлама арқылы жалпақ жұртқа кеңінен танылған. 

“Елдің есінде қалған жобалар, Еларнадағы» Шіркін лайф» деген реалити-шоу. Қазақ тілінде алғаш рет үлкен рейтингіге ие болып, көпшілік тарапынан жақсы пікірге ие болған жоба. Сол арқылы көпшілік мені жақсы таниды, біледі. Одан кейін де басқа бағдарламалар болды, неше түрлі жобалар. Кинода да продюсер болып жұмыс істегенім бар”,- дейді Асхат Садырбай.

Бірінші некесі сәтсіз болса да, Асхат тағдырдың сынағына еш мойымағанын, бар күш-жігерін шығармашылыққа салып, түрлі бағдарлама арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленгенін айтады. Тіпті осыдан сегіз жыл бұрын ауыр жол апатына ұшыраса да, телевизия саласын бір сәтке де тастамағанын жеткізді.

“Жамбасым бірнеше жерден, бұғанам да сынды, миым шайқалды. Бірнеше жыл емделуге тура келді. Қиын кезеңнен өттім. Өйткені бәрі бір-біріне қабаттасып кеткен уақыт болды. Төсек тартып, төрт ай қимылдамай жаттым. Шүкір, ешнәрсеге мойымай, таяқпен де жүрдік, балдақпен де жүрдік”,- дейді Асхат Садырбай.

Айта кетейік Асхат Садырбай танымал әнші Ерке Есмаханның бұрынғы күйеуі.